ИнЕУ - үздік спортшыларға арналған университет! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ - үздік спортшыларға арналған университет!
09 февраля 2021

ИнЕУ - үздік спортшыларға арналған университет!

«Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының студенті Андрей Буяльский келесі маусымда Вермонт университетінің командасымен NCAA лигасында өнер көрсетеді.


Спортшы биылғы маусымды «Алматыда» бастады. Қазақстанның тұрақты чемпионатында ол 24 матч ойнап, активке 13 (5+8) ұпай жазды. Содан кейін шабуылшы USHL-ге көшті. АҚШ-тың «Дубьюк Файтинг Сэйнтс» топ жасөспірімдер лигасының құрамында ол 12 ойын өткізіп, 3 шайба соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шайбалы хоккейден әлем чемпионы Андрей Буяльский «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ИнЕУ-дің 3 курсында оқиды.

Андрейді халықаралық мойындауымен құттықтаймыз және оған спорттық мансабында одан әрі табыс тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(shaiba.kz сайтының ақпараты бойынша)