Хабарландыру!
«ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім: Еуразиялық кеңістіктегі даму серпіні» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Инновациялық Еуразия университетінің 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 4 наурызға (қоса алғанда) дейін ұзартылды.
Конференция жұмысының бағыттары / секциялар:
- Қоршаған орта жағдайының өзекті мәселелері және инновациялық химиялық технологиялар.
- Ауыл шаруашылығы мен қолданбалы биотехнологияның даму тенденциялары мен перспективалары.
- Өнеркәсіптік инжиниринг пен дизайнның өзекті мәселелері.
- Жаңартылатын және ресурс үнемдейтін цифрлық энергетика технологиялары.
- Қазіргі экономикалық ғылымның өзекті мәселелері.
- Қазіргі жағдайдағы жастар кәсіпкерлігінің жай-күйі мен даму перспективалары.
- Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мәселелері.
- Пәнаралық филология ғылымының даму факторы ретінде.
- Қазіргі жағдайдағы заң ғылымының өзекті мәселелері.
- Қазіргі әлемде салауатты қоғамды қалыптастырудағы спорттың рөлі.
Конференция on-line форматында өтуде.
Конференцияға қатысу үшін ғылыми мақала түрінде баяндама ұсынумен Инновациялық Еуразия университетінің сайтында тіркелу қажет (сілтеме бойынша: http://conference.ineu.kz/ru/site/registr?conf=1)
Баяндаманы рәсімдеу талаптарын мына сілтеме бойынша ақпараттық хатта таба аласыз: goo.su/3SvV
ИнЕУ баспасөз қызметі
(ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша)