«ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім: еуразиялық кеңістіктегі даму серпіні» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз
ЖОО оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, ғылыми қызметкерлерді, мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін аталған онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз!
Конференцияға қатысушыларды Онлайн-тіркеу 2021 жылғы 1-28 ақпан аралығында мына сілтеме бойынша ашық болады: goo.su/3sVR
Баяндаманы рәсімдеу талаптарын төмендегі сілтеме бойынша ақпараттық хатта таба аласыз: goo.su/3SvV
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Инновациялық Еуразия университеті, Тува мемлекеттік университеті.
Конференция секциялары:
- Қоршаған орта жағдайының өзекті мәселелері және инновациялық химиялық технологиялар.
- Ауыл шаруашылығы мен қолданбалы биотехнологияның даму тенденциялары мен перспективалары.
- Өнеркәсіптік инжиниринг пен дизайнның өзекті мәселелері.
- Жаңартылатын және ресурс үнемдейтін цифрлық энергетика технологиялары.
- Қазіргі экономикалық ғылымның өзекті мәселелері.
- Қазіргі жағдайдағы жастар кәсіпкерлігінің жағдайы мен даму перспективалары.
- Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мәселелері.
- Ғылыми зерттеулердің пәнаралық сипаты филология ғылымының даму факторы ретінде.
- Қазіргі жағдайдағы заң ғылымының өзекті мәселелері.
- Қазіргі әлемде салауатты қоғамды қалыптастырудағы спорттың рөлі.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекші маманы
А. П. Абраменконың ақпараты бойынша)