«QazFood InEU» аймақтық онлайн-конкурсына қатысуға шақырамыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «QazFood InEU» аймақтық онлайн-конкурсына қатысуға шақырамыз!
11 марта 2021

«QazFood InEU» аймақтық онлайн-конкурсына қатысуға шақырамыз!


«Qazfood InEU» байқауы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында және «Наурыз мейрамы-2021» мерекесіне орайластырылған. Конкурстың негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі тағамдарын жаңғырту, насихаттау және қазіргі тұрмысқа енгізу болып табылады.


Ұйымдастырушы: Инновациялық Еуразия университеті @ineuofpage

📹 Шарттары:
● Қазақ ұлттық тағамдарын кезең-кезеңімен дайындайтын бейнеролик нұсқаулықты түсіріңіз. Ұлттық киім, ыдыс-аяқ, интерьер, музыка болуы құпталады;
● MP4 бейне пішімі 3 минутқа дейін;
● көлденең сурет - 16:9;
● үдеуді және басқа әсерлерді қолдануға болады.

📧 Бейнероликті qazfood@ineu.edu.kz e-mail-ге жіберіңіз.

⏰ Жұмыстар 23 наурыз 2021 ж. сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

🎬 Қазылар алқасы үш финалистті таңдайды. 25-27 наурыз аралығында көрермендер @ineuofpage дауыс беру арқылы 3 жүлдегерді таңдап алады. Көп лайк жинаған ролик жеңеді. 

🎁 27 наурызда қазылар алқасы жеңімпаздарды жариялайды. Жеңімпаздар дипломдар мен ұлттық стильдегі сыйлықтарға ие болады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

📲 Тел / WhatsApp Ұйымдастыру комитеті: +7 705 405 29 43

Қосымша ақпаратпен конкурс туралы ережеде танысуға болады.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша)

Чат-бот