ИнЕУ студенттерін әскери кафедраға қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бекітетін іріктеу конкурстық негізде жургізіледі жоспарына сәйкес.
Запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар 1-ші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
Студент 2021 жылдың 01 ақпаннан 01 мамырға дейін мерзімде, әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент құжаттарды қосаберумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ресімдейді:
- Өтініш;
- Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- Көлемі 3х4 см 2 фотосурет;
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат ;
- Студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы факультеттің деканы қол қойған анықтама;
- Екі мөлдір файл, жеке істерді ресімдеу үшін.
Студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
I кезең – медициналық куәландырудан өту. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттер әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру картасын алады. Студенттерді медициналық куәландуру жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі, әскери-дәрігерлік сараптама туралы Ережесімен. Медициналық куәландырудан өту конкурс өтетін жылы 01 наурыздан бастап 30 мамыр дейінгі кезеңде жүзеге асырылады. Медициналық куәландыру өтпеген студенттер конкурсқа жіберылмейді.
II кезең – кәсіби-психологиялық тетілеу жүргізу. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуден өткізуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында жүргізеді және ол ынталылық, стреске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
III кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру. Студенттердің дене шынықтыру дайындығы сәйкес және дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады.
IV кезең – ҚР ҚМ-мен келісу бойынша ЖОО бастығы жасайтын және бекітетін рейтингілік балдар есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Оқуға түсуші, өтпеген алдыңғы кезеңі, келесі кезеңге жол берілмейді.
Конкурс кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде өтініш (ерікті түрде) білдіреді.
Анықтама үшін телефон: 33-43-36, email: vk_pgu@mail.ru
Мекенжайымыз: Административный городок, 19
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі