«ИнЕУ» ЖШС мен «ППУ» кеақ арасында меморандумға қол қойылды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «ИнЕУ» ЖШС мен «ППУ» кеақ арасында меморандумға қол қойылды
08 февраля 2021

«ИнЕУ» ЖШС мен «ППУ» кеақ арасында меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгін (8.02.2021ж) «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС ректоры Евгений Никитин пен Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Меморандум мақсаты – ҚР Президенті мен ҚР Білім және ғылым Министрлігі саясатын қолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға Білім мен ғылымды дамытуға және ЖОО профильдеуге арналған бағдарламаны жүзеге асыру, педагог мамандарды даярлауда білім алушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету.

ИнЕУ-дің ППУ-мен ынтымақтастығы жемісті және өзара тиімді болады деп үміттенеміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі