» » ИнЕУ студенттер үйінен орын алуға өтініш беру алгоритмі
12 января 2021

ИнЕУ студенттер үйінен орын алуға өтініш беру алгоритмі

Инновациялық Еуразия университеті жанында Студенттер үйі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылары, Павлодар облысы әкімі грантының иегерлері қатарынан ЖОО және колледж студенттері және Қазақстанның басқа облыстарынан келген студенттер тұрады.

Жатақханалардың мекенжайы:

  • № 1 жатақхана (Ломов көшесі, 45)
  • № 2 жатақхана (М. Горький көшесі, 102/4)


Мұнда тұратын студенттерге оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған. Студенттер жайлы, таза бөлмелерде екі адамнан тұрады.

ИнЕУ-дің Студенттер үйінде рұқсатнамамен кіргізу жүйесі жұмыс істейді. Барлық мәселелерді шешетін Студенттер кеңесі жоғары басқару органы болып табылады.

Студенттер үйінде барлық қажетті заттармен жабдықталған демалу бөлмесі бар. Спорт залы, душ бөлмесі, кір жуатын орын және асүй жұмыс жасайды.

Университет пен Студенттер кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

Студенттер үйінен орын бір оқу жылы мерзіміне тек күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне ғана беріледі. 

Қосымша ақпаратты мына мекенжайлар бойынша алуға болады:
Жастар жөніндегі комитет
тел.: 67-30-57 (iшкi 243), 
e-mail: nach.kdm@ineu.kz
Ломов к-сі, 45, 2-ғимарат, тел.: 67-30-74 (Студенттер үйі).
ИнЕУ сенім телефоны: 67-30-75