Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
\
15 желтоқсан 2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!


Қазақстанның Бас мемлекеттік мерекесіне орай Инновациялық Еуразия университетінің ұжымы ректор Евгений Борисович Никитиннің, университетіміздің үздік студенттері мен музыканттарының-«Сарыарқа» домбыра студиясының және «Бельканто» вокалдық студиясының қатысуымен фильм – концерт дайындады.


Құрметті әріптестер, студенттер мен серіктестер, Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бағдарламада:

00:05 – «Көроғлы» күйі, авт. Дәулеткерей. «Сарыарқа» домбыра студиясының жетекшісі Берік Ақатаев, Айвар және Раушан Нағышпаевалар өнер көрсетеді.
02:26 – ИнЕУ ректоры Евгений Борисович Никитиннен құттықтау.
03:53 – Серік Рысбектің орындауында «Қазақстан» әні, авт. Р. Зайтов.
07:40 – «Аққу» күйі, авт. Н. Тілендиев. Орындайтын Айвар мен Раушан Нағышпаевалар.
10:20 – Студенттерді құттықтау:
Ақмарал Хамзина, Құқықтану мамандығының 3 курс студенті, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының стипендиаты, «KazEnergy» АҚ грантының иегері;
Серік Әлішер, «Бизнес және басқару» кафедрасының студенті, Солтүстік Қытай технологиялық университетінің Халықаралық грантының иегері;
Аяжан Қалиақпарова, «Бизнес және басқару» кафедрасының түлегі, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры стипендиясының иегері.
13:13 – «Қазақтай ел қайда» әні, орындайтын Абзал Абдоллаев.
17:05 – ИнЕУ студенттерінің қатысуымен музыкалық нөмір.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Главная страница Telegram