ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі!
26 ноября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі!

«Бизнес және басқару» кафедрасының студенттері республикалық экологиялық жобалар байқауында жүлделі орынға ие болды.


2020 жылдың 10-26 қараша аралығында «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «ЭКОМ» ҚБ бірлесіп ұйымдастырған экологиялық жобалар байқауы өтті. Жобаларды қорғау ZOOM платформасында онлайн форматта жүзеге асырылды.

Байқау қорытындысы бойынша құрметті екінші орынды «Бизнес және басқару» кафедрасының студенттері Александр Патрушев пен Иосиф Еременко доцент Беспалый Сергей Владимировичтің жетекшілігімен орындаған «Alive Plastic» жобасы алды - өңделген пластиктен қаптау материалдарын жасау».

  

  

  

Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Бизнес және басқару» кафедрасының доценті С. В. Беспалыйдың ақпараты бойынша)