ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
Құрлықтық хоккей лигасында ИнЕУ студенті, «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Максим Мусоров өзінің алғашқы шайбасын салды.
«Салават Юлаев» командасына қарсы меймандық матчта жас спортшы үшінші кезеңнің басында бірінші голды соқты және осылайша команданы жеңіске жігерлендірді. Матч «Барыс» командасының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.
«Сенің голың командаға жеңіске жетуге көмектескені өте қуанышты. Бірінші гол әрқашан есте қалады», - деп спортшы өз эмоцияларымен бөлісті.
Максим мен «Барыс» командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз, спорттық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
ИнЕУ баспасөз қызметі