Жақсылықты бірге жасадық! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жақсылықты бірге жасадық!
20 февраля 2020

Жақсылықты бірге жасадық!

ИнЕУ - де қайырымдылық жәрмеңке өтті, оған 500-ден астам студент, оқушылар және қаланың басқа да тұрғындары қатысты.


ИнЕУ волонтерлік қозғалысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында белсенді дамуда. Жәрмеңкені Қазақстандағы еріктілер жылы құрметіне ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырды. Акцияға ИнЕУ, ИнЕУ жоғары колледжі және №20 лицей-мектебінің студенттері белсенді қатысты.
— Қайырымдылық жәрмеңкесі — бұл мейірімділік пен жасампаздыққа деген ұмтылыстарын көрсетуге жақсы мүмкіндік, - дейді ИнЕУ ректоры Бақытгүл Жетпісбаева. - Біздің студенттер жәрмеңкеде тапқан барлық қаражат қаламыздың әлеуметтік қорғалмаған азаматтарына бағытталады. Бұл Волонтерлік қозғалыстың дамуына, «Біргеміз» әлеуметтік жобасына қосқан біздің үлесіміз болады.Жәрмеңкені ұйымдастырушыларға біздің Президенттің Қазақстандағы волонтерлікті дамыту жөніндегі идеясын іске асыруға шығармашылық көзқарасы үшін алғыс айтқым келеді.Жәрмеңке шулы және көңілді болды. Студенттер мазмұнды бағдарлама ойлап тапты. Кіре берісте қонақтарды музыканттар қарсы алды — тапсырыс бойынша әндер орындады. Үлкен залда сауда жүргізілді. Келушілер үй тағамдарын, тәттілерді, кәдесыйларды, кітаптарды талап алды.Тілек білдірушілер қолдарында хнамен суреттер жасады (Mаilim шығармашылық студиясы), аниматорлар — Темір адам және қуыршақ Лолмен суретке түсті («Позитив» мерекелік агенттігі), конкурстарда және би баттлдарында жүлделерді ұтып алды. Екінші қабатта «Face to Face» танысу кафесі жұмыс істеді, онда келушілер шам жарығымен тыныш атмосферада сөйлесіп, жаңа достық құруға мүмкіндік алды.
Көрші кабинетте суреттер мен кәдесыйлар сатылатын аукцион өтті. Қасында -иероглифтерді салуға үйреткен - Қытай мәдениетінің көрмесі өткізілді. Сондай ақ, Таро карталарында болжау келушілердің қызығушылығын тудырды.
Қайырымдылық сауда «Dostyq» студенттер дәмханасында жүргізілді. Жәрмеңкенің соңғы аккорды киновечер болды,онда келушілер қызықты триллерді көрді.

  

  

 

 

- Бізді тек ИнЕУ консорциумының студенттері мен лицеистері ғана емес, сонымен қатар - жәрмеңкеге Toraigyrov University-нен «La vie добро» студенттік ұйымы, «Vita Павлодар қаласының ізденушілері» ҚБ, «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ Павлодар облыстық филиалы, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және т.б. қатысты— дейді Жастар ісі комитетінің жетекшісі Мәди Байбек. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша 90 000 теңге жиналды.Ең үлкен алымдарды 19 000 теңге ИнЕУ-дің «Бизнес, білім және құқық» факультетінің студенттері алды.Екінші орында — «Vita Павлодар қаласының ізденушілері» ҚБ — 10 000 теңге.Үшінші орында-Toraigyrov University «La vie добро» студенттері - 8 000.Осы күні бізбен бірге болған және ортақ жақсы іс істегендерге көп рахмет! 
Барлық жиналған қаражат аз қамтылған отбасыларға жұмсалады, бұл туралы ИнЕУ сайтында және әлеуметтік желілерінде қосымша хабардар етеміз.
Қайырымдылық жәрмеңкесінен түсірілген фотоальбомды төмендегі сілтемеден көре аласыз:
https://vk.com/album-48060881_270822838 


ИнЕУ баспасөз қызметі

Автор: Федор Ковалев

Чат-бот