ИнЕУ-дің мектеп күні
Бүгін Павлодар қаласының 35-ші мектебінде «ИнЕУ-дің мектеп күні» өтеді.
Барлық мәселелер бойынша кеңестерді Инженерлік-технологиялық факультетінің оқытушылары жүргізеді. Үстелдерде кеңес берудің бағыттарын көрсететін белгілер бар.
Жоғары сынып оқушылары гранттар алу туралы белсенді сұрақтар қояды, жас мұғалімдер, оның ішінде 35-ші мектепте машықтанатын педагогикалық колледждің студенттері де магистратураға түсуге белсенді қызығушылық танытуда.
Консультациялар сағат 13:00-ге дейін өтеді.
Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы
Айсулу Қабдылмажитқызы Сатынская