Пайдалы демалыс! Бірінші күн » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Пайдалы демалыс! Бірінші күн
06 қаңтар 2020

Пайдалы демалыс! Бірінші күн

5 қаңтар күні ИнЕУ-де мектеп оқушыларына арналған қысқы IT-мектеп үшінші рет басталды. Оның ерекшелігі инклюзивтік топ жиналды.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ИнЕУ волонтерлік қозғалысы ұйымдастырған IT-мектепте күзгі IT - мектепте оқитын есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар да, жазғы каникулда оқыған қарапайым балалар да бірге оқытылады.Бүгін ұсынылған екі модуль: робототехника және компьютерлік графика – сауалнаманың қорытындысы бойынша балалардың өздері таңдап алды.
Инклюзивті топ сабақтарының бірінші күні балалар командада жақсы жұмыс істеп, бір-бірін еш қиындықсыз түсінетінін көрсетті. Қызықты және өнімді оқыту үшін университет робототехниканың жаңа жиынтығын және графикалық планшеттерді сатып алды.


Дария Болатқызы Абыкенова,
ИнЕУ ақпараттандыру басқармасының бастығы

Главная страница Telegram Сенім байланыстары