2026 жылғы 11 қарашада «Жошы ұлысы мен Қазақ хандығының тарихын зерттеу» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтеді
Инновациялық Еуразия университеті Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдерін 2026 жылғы 11 қарашада сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін университет базасында (Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 45, № 1 оқу ғимараты, акт залы) өтетін «Жошы ұлысы мен Қазақ хандығы тарихын зерттеу» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарға қатысуға шақырады.
Семинардың негізгі баяндамашысы – «Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының» директоры, қазақстандық тарихшы, Қазақстанның ортағасырлық тарихы саласының маманы, философия докторы (PhD) Жақсылық Мұратұлы Сәбитов.
Семинар аясында қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы, тарихи зерттеулердің заманауи бағыттары, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді орта білім беру ұйымдарында Қазақстан тарихы пәнін оқыту үдерісінде тиімді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады.
Осыған орай, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Павлодар облысының ауылдық аудандарындағы жалпы білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдерінің семинарға кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында (қатысушылардың жалпы саны 100 адамға дейін) аталған іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Қатысушыларды ИнЕУ сайтында тіркеу (https://ineu.edu.kz/ru/) немесе сілтеме бойынша: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf9CK9nBgJ95PPT0FripJcq3pv4B9yYZdpHij45724iF6XEjg/viewform?pli=1
Алдағы уақытта да өзара тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастығымыз жалғасын табады деп сенім білдіреміз!
«ЖОШЫ ҰЛЫСЫ МЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ»
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 11 қараша
Уақыты: 10:00–16:00
Өтетін орны: Павлодар қ., Ломов көшесі, 45, Инновациялық Еуразия университеті, № 1 корпус, акт залы
Қатысушылар: Павлодар облысының мектептерінің тарих мұғалімдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары
Форматы: ғылыми-практикалық семинар, дәріс, пікірталас, сұрақ-жауап
Семинардың мақсаты:
Жошы Ұлысы мен Қазақ хандығының тарихын зерттеудің заманауи тәсілдерін, қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін талқылау.
|
Уақыты |
Тақырыбы |
|
09.30-10.00 |
Тіркелу |
|
10:00–10:10 |
Семинардың ашылуы. Бағдарламамен және мақсаттарымен таныстыру – Даму және жастар жөніндегі проректор Андрющенко Ольга Константиновна |
|
10:10–10:15 |
Құттықтау сөз – Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Макенов Чингиз Серикбаевич |
|
10:15–11:30 |
1-БӨЛІМ. «Жошы Ұлысының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері». |
|
11:30–11:45 |
Үзіліс. |
|
11:45–13:00 |
2-БӨЛІМ. «Жошы Ұлысы мен Қазақ хандығы: тарихи сабақтастық мәселелері». |
|
13:00–14:00 |
Түскі үзіліс. |
|
14:00–15:15 |
3-БӨЛІМ. «Жошы Ұлысы мен Қазақ хандығы тарихын оқытудағы заманауи ғылыми тәсілдер». |
|
15:15–15:45 |
Сұрақ-жауап. Ғылыми-практикалық талқылау. |
|
15:45–16:00 |
Қорытындылау. Кері байланыс. |