07 сәуір 2026
Инновациялық Еуразия университетінің студенттері Қазақстан Экофорумында білім алып, халықаралық сертификаттарға ие болды
Инновациялық Еуразия университетінің 6B11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының студенттері «Инженерия және өнеркәсіптік технологиялар» кафедрасының профессоры Жанетта Батырхановна Исаевамен бірлесіп Экофорум Казахстана қатысып, халықаралық білім беру бастамасы аясында оқытуды сәтті аяқтады.
Форум шеңберінде Дмитрий Терешкевич атындағы Орталық Азия жастарының эко-белсенділік онлайн-мектебінің үшінші легі ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің сарапшылары мен тәжірибешілері қатысты.
Білім беру бағдарламасы ғылыми-практикалық сипатта өтіп, бірқатар тақырыптық онлайн-кездесулерді қамтыды:
— 25 ақпан — Кирилл Осинмен (ҚҚ «ЭкоМангистау», Қазақстан) сұхбат және Пакизат Сайлаубекованың (АҚ «Центр развития Алматы», Қазақстан) «Эко-бастамалардан жүйелі өзгерістерге» тақырыбындағы шеберлік сабағы;
— 4 наурыз — Беркели Атаевпен (Орхус орталығы, Түрікменстан) сұхбат және Аниса Абибуллоева (ҚҚ «Маленькая Земля», Тәжікстан) өткізген экологиялық бастамаларды дамытуға арналған шеберлік сабағы;
— 11 наурыз — Кайша Атаханова (Қазақстан) қатысуымен сұхбат және Владимир Гребневтің Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық ынтымақтастыққа арналған шеберлік сабағы;
— 18 наурыз — Балтуган Тажмакинамен (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан) сұхбат және Всемирный банк өкілі Дмитрий Петриннің климаттық саясат пен тұрақты даму мәселелеріне арналған шеберлік сабағы;
— 25 наурыз — Алимхан Абулханмен (Climate for Us, Қазақстан) «Климаттық дипломатияда өз орныңды қалай табуға болады?» тақырыбындағы сұхбат және Владимир Коротенконың (БИОМ, Қырғызстан) «Орталық Азиядағы экологиялық қауіпсіздік» тақырыбындағы шеберлік сабағы.

Оқыту барысында қатысушылар экологиялық басқару, тұрақты даму, климаттық саясат және өңірлік өзара іс-қимыл тетіктері бойынша заманауи тәсілдерді қарастырды. Сондай-ақ практикалық кейстерді талдауға, тәжірибе алмасуға және экологиялық жобаларды іске асыру дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша студенттер оқытуды сәтті аяқтап, халықаралық білім беру бастамасына қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болды.
Университетте мұндай халықаралық жобаларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, ғылыми әлеуетін арттыруға және жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Инновациялық Еуразия университеті Экофорум Казахстана ұйымдастырушыларына, серіктестеріне және спикерлеріне іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені және экологиялық білім беру мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.