ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ: СТУДЕНТТЕРІМІЗДІҢ ТЕХНОСФЕРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУЫ » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ: СТУДЕНТТЕРІМІЗДІҢ ТЕХНОСФЕРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУЫ
Кеше, 11:29

ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ: СТУДЕНТТЕРІМІЗДІҢ ТЕХНОСФЕРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУЫ

 
2026 жылғы 10 ақпанда Инженерия және өнеркәсіптік технологиялар кафедрасы жас зерттеушілердің Волгоград мемлекеттік техникалық университетінің Сәулет және құрылыс институтында аралас форматта өткен «Техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы мәселелері» атты I ЖОО ғылыми-техникалық конференциясына қатысты. Б.ғ.к., профессор Л.С. Комардина және PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Б. Исаеваның ғылыми жетекшілігімен 6В11201 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының студенттері университет атын абыроймен танытып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында өздерінің белсенділігін көрсетті.
🌿 Серикова Анастасия, БЖД25 (с) -32 тобының 1 курс студенті:
«Экологиялық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы мәселелері (Павлодар облысының мысалында)».
🌿 Долгополов Денис, БЖД24-22 тобының 3 курс студенті:
«Экологиялық қауіпсіздік («KAZ Minerals Aktogay» Тау-кен байыту кәсіпорны ЖШС мысалында).
Конференцияға қатысу студенттердің кәсіби және ғылыми қалыптасуының маңызды кезеңі болды, олардың зерттеу көкжиектерін кеңейтті және экологиялық және техносфералық қауіпсіздік саласындағы дамуға қызығушылығын нығайтты.
Біз студенттерімізбен мақтанамыз және жас ғылыми ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін ғылыми жетекшілерге алғыс айтамыз!

Главная страница Telegram