АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2026 жылғы 9-10 сәуір күндері Инновациялық Еуразия университетінің 35 жылдығына орай «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты 52-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді (бұдан әрі – Конференция).
Конференция жұмысына Инновациялық Еуразия университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, колледж студенттері, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-11 сынып оқушылары шақырылады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:
1-секция. Философия, қоғам және өлкетану
2-секция. Мәдениетаралық коммуникациялар жүйесіндегі тіл
3-секция. Психологиялық-педагогикалық ғылымның заманауи үрдістері
4-секция. Цифрлық кеңістіктегі қазақ әдебиеті және тілдік нормалардың трансформациясы
5-секция. Дене шынықтыру және медицина: салауатты өмір салтына бастар жол
6-секция. Есептеу және ақпараттық технологиялар – қоғамды цифрландырудың негізі
7-секция. Тіршілік қауіпсіздігі, экология және азық-түлік жүйелері
8-секция. Тиімді энергетика және инженерия
9-секция. Өсудің зияткерлік драйверлері: басқару стратегиялары, цифрлық тетіктер және білім экономикасының әлеуеті
10-секция. Қазіргі заманғы заң ғылымының инновациялық әлеуеті
11-секция. Ұлт денсаулығы
Конференцияға қатысу үшін Инновациялық Еуразия университетінің сайтында (http://conference.ineu.edu.kz/ru/site/conf-reg деген сілтемесі бойынша) ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы құжатпен бірге қоса тіркелетін ғылыми мақала нысанындағы баяндаманы ұсына отырып, 2026 жылғы 16 наурыз кешіктірмей тіркелу қажет. Конференцияға қатысушы туралы деректерді енгізу үшін тіркеу нысанын іске қосу қатысушы өзіне электрондық пошта арқылы жіберілген хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өзінің электрондық мекенжайын растағаннан кейін жүзеге асырылады. Ескерту: баяндама атауы тіркеу формасында кіші әріптермен (бірінші сөздің бірінші әріпінен және бас әріптермен жазылатын қысқартылған сөздерден басқасы) тырнақшаға алынбай жазылады.
Конференция гибридтік форматта (офлайн және онлайн) түрде өтеді.
Баяндама файлының атауы автордың тегімен аталып, оның алдынан секцияның номері қойылады. Мысалы, 7-секция «Тіршілік қауіпсіздігі, экология және азық-түлік жүйелері» секциясына қатысатын тегі Елікбаев деген автор өз файлын: 7-Елікбаев деп атайды.
Тіркелу кезінде және баяндамада бір ғана баяндамашы мен (бірлескен авторлық рұқсат етілмейді) бір жетекші көрсетіледі. Секцияда баяндама жасау үшін бір автордан бір ғана баяндама қабылданады.
Ұйымдастыру комитетінің баяндаманы электронды жинақта жарияламау құқығы сақталады.
Баяндаманы қарастыру нәтижелері бойынша қатысушыны конференция бағдарламасына енгізу туралы шешім шығарылады.
Конференция жұмысының басталуына конференция материалдарының жинағы электронды форматта шығарылады.
Конференцияның басына қарай электронды форматта конференция материалдарының
Жинағы дайындалып, университет сайтында жарияланады. Жинаққа ISBN беріледі.
Үздік жұмыстардың авторларына дипломдар беріледі, жеңімпазға — ректор гранты (оқудың бірінші жылының ақысын өтеу) және басқа да ынталандырушы сыйлықтар тағайындалады.
Конференцияға қатысу үшін қатысушы 800 теңге немесе 120 рубль мөлшерінде ұйымдастыру жарнасын төлейді. Ұйымдастыру жарнасын төлеу қатысушы оның баяндамасын конференция бағдарламасына енгізу туралы хабарламаны электрондық пошта арқылы алғаннан кейін жүргізіледі.
Ұйымдастыру жарнасын да, жинақ үшін қосымша төлемі бар ұйымдастыру жарнасын да төлеу туралы құжаттың көшірмесі хабарламада көрсетілген дербес сілтеме бойынша on-line тіркеу жүйесін пайдалана отырып, құжаттың JPEG (jpg) немесе pdf форматындағы сканерленген бейнесі түрінде ұсынылады. Түбіртектің суреті бар файлдың атауында «тегі» және «түбіртек» сөзі болуы тиіс, мысалы, қатысушы Еликбаев үшін - файлдың аты мынадай түрде болады: Еликбаев-түбіртек.jpg немесе Елікбаев-түбіртек.pdf.
Төлем құжатында төлемнің мақсаты ретінде міндетті түрде «2026 жылғы конференцияға қатысу үшін, қатысушы _Тегі, аты, әкесінің аты» деп көрсетілуі тиіс.
Төлем құжатында қатысушының тегі, аты, әкесінің атының көрсетілуі міндетті, сондай-ақ төлемді баяндамамен қатысатын конференция қатысушысының өзі емес, оның ғылыми жетекшісі немесе туысы жүзеге асырған жағдайда да осы талап сақталуы қажет.
Төлем құжатында қатысушының тегі көрсетілмеген жағдайда, жүргізілген төлем ескерілмейді және қабылданбайды.
Қатысушының on-line форматта баяндама жасау тәртібі ол конференция бағдарламасына енгізілгеннен кейін, екінші ақпараттық хатта хабарланатын болады.
Секцияларда баяндама жасауға қатысты барлық сұрақтар бойынша қатысушылар секция хатшыларына тікелей жүгінеді.
Ұйымдастыру жарнасын төлеу есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Kaspi bank» АҚ мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
(теңге түрінде):
Алушы – «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС,
БСН 070740000364
«Банк ЦентрКредит» АҚ,
ИИК KZ168562203103695694,
БИК KCJBKZKX
Кбе 17, КНП 861
Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасау үшін:
Kaspi.kz қосымшасында Төлемдер → Білім беру → ЖОО және колледждер бөлімін таңдаңыз;
ЖОО атауын енгізіңіз: Инновациялық Еуразия университеті;
Факультет жолына: «Конференцияға қатысу» деп жазыңыз;
Курс жолына: «конференция» деп көрсетіңіз;
Қатысушының Тегі, аты, әкесінің аты және ЖСН енгізіңіз;
Төлем сомасын енгізіп, төлем тәсілін таңдап, төлемді растаңыз.
Halyk Bank қосымшасы арқылы төлем жасау үшін:
Halyk қосымшасында Төлемдер → Білім беру → ЖОО, колледждер бөлімін таңдаңыз;
ЖОО атауын енгізіңіз: ТОО ИнЕУ/ ИнЕУ ЖШС (барлық әріптері бас әріппен);
Содан кейін өз Тегі, аты, әкесінің аты енгізіңіз;
Топ жолына: «Конференцияға қатысу» деп жазыңыз;
Мамандық жолына: «конференция» деп көрсетіңіз;
Курс жолына цифрмен 1 деп қоюға болады;
Оқу формасы: күндізгі;
Төлем мақсаты ретінде «конференция» таңдаңыз;
Төлем сомасын енгізіп, төлем тәсілін таңдап, төлемді растаңыз.
(Ресей рублі бойынша):
Алушы – «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС, БСН 070740000364
«Банк ЦентрКредит» АҚ, ИИК KZ238562203316859276,
БИК KCJBKZKX, Кбе 17, КНП 861
ӘОЖ 372.881.1
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ
КОММУНИКАТИВТІК ТӘСІЛДЕРДІҢ РОЛІ
А.Б. Еликбаев, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, ИН -01 тобы Ғылыми жетекші - Н.Ж. Олжабаев, филол. ғылым. канд., доцент
Баяндама мәтіні (символ мөлшері - 12 pt)
(Баяндама көлемі – А4 форматтағы толық үш беттен кем болмау керек)
ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ
1 Яковлев А.А. Значение терминов как отражение научной и обыденной картин мира в сознании студента // Вопросы когнитивной лингвистики. – 2018. – № 3 (48). – С.62 - 68.
2 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики Алматы, Евразия, 1997. – С. 33.
3 ...
2. Орындалған жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі.
3. Автор ұсынған қағидалардың негізделу дәрежесі.
4. Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы.
5. Алынған нәтижелердің қойылған міндеттерге сәйкестегі.
6. Ұсынылатын материалдың көрнекілігі мен сапасы.
7. Шешендік шеберлігі.
Қатысушыны тіркеу формасы және секциялар туралы ақпарат, олардың электрондық поштасы веб-сайтта орналастырылған: Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ) (сілтеме: URL: http://conference.ineu.edu.kz/ru/site/conf-reg).
ИнЕУ сайтында тіркеу 2026 жылғы 9 ақпаннан 16 наурызға дейін ашық болады.
Осы ақпаратты қызығушылық білдірген тұлғаларға таратсаңыз, алғысымызды білдіреміз.
140008 Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ).
Секция 1 – е-mail: confsect2026_01@ineu.edu.kz, хатшы - Рудевский Александр Олегович, Педагогика және психология магистрі, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы.
Секция 2 – е-mail: confsect2026_02@ineu.edu.kz, хатшы - Кайрамбаева Айгуль Жаскайратовна, Филология ғылымдарының магистрі, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы.
Секция 3 – е-mail: confsect2026_03@ineu.edu.kz, хатшы - Бузько Татьяна Александровна, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының маманы.
Секция 4 – е-mail: confsect2026_04@ineu.edu.kz, хатшы - Сахаба Майгуль, Филология ғылымдарының магистрі, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы.
Секция 5 – е-mail: confsect2026_05@ineu.edu.kz, с хатшы - Құдайберген Зухра Маратқызы, , Пх24-41 тобының студенті.
Секция 6 – е-mail: confsect2026_06@ineu.edu.kz, хатшы - Балаба Сергей Владимирович, «Инженерия және өндірістік технологиялар» кафедрасының маманы.
Секция 7 – е-mail: confsect2026_07@ineu.edu.kz, хатшы - Жутаева Даяна Сарсембаевна, БЖД 23-42 тобының студенті.
Секция 8 – е-mail: confsect2026_08@ineu.edu.kz, хатшы - Райымжанова Асем Нурхатовна, магистр, «Инженерия және өндірістік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.
Секция 9 – е-mail: confsect2026_09@ineu.edu.kz, хатшы - Ткачева Анастасия Игоревна, Экономика ғылымдарының магистрі, «Бизнес және басқару» кафедрасының аға оқытушысы.
Секция 10 – е-mail: confsect2026_10@ineu.edu.kz, хатшы - Рыскалиева Жанна Канатовна, Заң ғылымдарының магистрі, «Құқық» кафедрасының оқытушысы.
Секция 11 – е-mail: confsect2026_11@ineu.edu.kz, хатшы - Молчанов Сергей Николаевич, Медицина ғылымдарының кандидаты, «Ішкі аурулар және педиатрия» кафедрасының ассистенті, Семей қаласындағы Павлодар филиалы, «Семей медицина университеті» КеАҚ.