ИнЕУ студенттері – Орталық Азияның үздік жас экоактивистері қатарында! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері – Орталық Азияның үздік жас экоактивистері қатарында!
16 апреля 2025

ИнЕУ студенттері – Орталық Азияның үздік жас экоактивистері қатарында!

 

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының сегіз студенті Tereshkevich School 2025 – жас экоактивистерге арналған Орталық Азия мектебін сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.


Бес аптаға созылған бағдарлама аясында студенттер климат және экология тақырыптарын терең меңгеріп, Орталық Азия, Германия мен Италиядан келген сарапшылардың қатысуымен өткен шеберлік сабақтар мен сұхбаттарға қатысты.


Жоба Global Greengrants Fund және Ecostan News қолдауымен жүзеге асырылды.
ИнЕУ студенттерімен мақтанамыз! Бұл – өңірдің тұрақты дамуына үлес қосатын экологиялық көшбасшылар буынын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Чат-бот