Академиялық ұтқырлық аясында оқуға арналған конкурс » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Академиялық ұтқырлық аясында оқуға арналған конкурс
14 марта 2025

Академиялық ұтқырлық аясында оқуға арналған конкурс

Инновациялық Еуразия Университеті академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жариялайды
Құрметті студенттер!
2025-2026 оқу жылының 1 семестрінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жарияланады. Сіздің Еуропалық Одақ, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасының университеттерінде білім алуға мүмкіндігіңіз бар.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 01.04.2025 ж., 18:00 сағ.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізімі:
1. Төлқұжат пен жеке куәліктің көшірмесі
2. Ағымдағы транскрипт (GPA 3,0 кем емес)
3. Фото 3*4 (4 дана)
4. Келесі семестрге жеке оқу жоспары
5. Куратор атынан мінездеме
6. Деканның/кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты
7. Түйіндеме (резюме)
8. Грамота, диплом және сертификаттардың көшірмесі (бар болса)
Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша:
Деканатта (219 кабинет) Ломова көшесі 45, 1 ғимарат мекенжайы бойынша
Чат-бот