ИнЕУ оқытушысы УМО РУМС жобаларды басқару тобының құрамына енді
Бүгін Абылқас Сәгінов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Техникалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша ГУП-УМО кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған УМО РУМС жобаларды басқару тобының құрамына «Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау» бағыты бойынша Инновациялық Еуразия университетінің «Инженерия және өнеркәсіптік технологиялар» кафедрасының доценті, PhD Исaева Ж.Б. енгізілді.
Аталған бағыт бойынша іс-шараның алдын ала белгіленген күні – 2025 жылғы 16 мамыр.