18 февраля 2025
ИнЕУ-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БОЙЫНША МІНДЕТТІ ЖҰМЫС ӨТЕУ СҰРАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
20 ақпанда сағат 12:00-де Инновациялық Еуразия университетінде «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали А.С. қатысуымен кездесу өтеді. Шара барысында 2025 жылғы бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған түлектерді бөлу, жұмысқа орналастыру және міндетті жұмыс өтеу мәселелері бойынша толық ақпарат ала алады.
Барлық мүдделі тұлғаларды кездесуге қатысып, маманға өз сұрақтарын қоюға шақырамыз.