Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс
28 октября 2024

Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағы
148) тармақшасының негізінде ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс (бұдан
әрі - Конкурс) жариялайды.

Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033264):

1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

3) педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

4) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

5) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;

6) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық;

7) 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.

Конкурс өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде:

1)      «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417);

2)      «Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарын және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы
14 қазандағы № 517 бұйрығы (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/725692?lang=kk);

3)      «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020852).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 482 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 642/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/201806/kaz), ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау пилоттық режимде электрондық нысанда «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Өтініш беру: https://astanahub.com/kk/l/awards

https://astanahub.com/ru/l/scholarships

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.

 

Ғылым саласындағы сыйлықтар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:

1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде ғылыми жұмыс (бестен аспайтын);

2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);

3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;

4) сыйлық алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;

5) сыйлық алуға үміткердің (ұжымдық жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

6) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама;

7) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

8) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:

1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжді қолдаухаты (ұсынымы);

2) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;

3) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңызды жұмыстарының баспа-таңбалары (бестен аспайтын);

4) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

5) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

 

Байланыс үшін:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:

+7 (727) 364 – 76 – 48

         +7 (775) 820 – 99 – 05

         +7 (707) 900 – 32 – 01

         +7 (775) 959 – 62 – 64

 

Техникалық қолдау (Ақпараттық жүйемен байланысты мәселелерге қатысты):

+7 (7172) 73 50 89

Чат-бот