ИнЕУ-де бітіруші курс білім алушыларының «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы - Серікқали Ақзира Серікқалықызымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
ИнЕУ-де бітіруші курс білім алушыларының «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы - Серікқали Ақзира Серікқалықызымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге академиялық мәселелер жөніндегі басқарманың бастығы - Марина Викторовна Темербаева, академиялық мәселелер жөніндегі басқарманың жетекші маманы - Инна Сергеевна Сергиенко және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын бітіруші курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік грантты міндетті түрде пысықтау, мемлекеттік грант негізінде білім алған түлектерді бөлу және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.