Бүгін облыс әкімі ИнЕУЖК студенті Александра Штректі марапаттады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Бүгін облыс әкімі ИнЕУЖК студенті Александра Штректі марапаттады!
22 декабря 2021

Бүгін облыс әкімі ИнЕУЖК студенті Александра Штректі марапаттады!

Бүгін облыс әкімі ИнЕУЖК студенті Александра Штректі марапаттады! Құттықтаймыз! 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын беру байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Номинациялардың бірі – «Спорттық шеберлік».
Бұл номинацияда марапатты жеңіп алу құқығы үшін екі жүзден астам үміткер күресті. Олардың әр түрлі деңгейдегі турнирлерде көптеген жеңістері бар. Медаль және ақшалай сыйлық ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Александра Штрек (каратэ Шинкиокушинкайдан ҚР спорт шебері, Әлем Кубогының қола жүлдегері) иеленді. Медальді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов табыс етті. Ол жеңімпаздарды Оқушылар сарайының залында салтанатты құттықтау сөзімен қарсы алды.
Іс-шара мерекелік концертпен сүйемелденді. @pavlodarnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Александра өзінің еңбектері үшін облыс әкімінің қолынан жоғары марапат алып, екі есе бақытты екенін айтты.
Бүгін, 22.12.2021ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығын беру байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Номинациялардың бірі – "Спорттық шеберлік". Бұл номинацияда екі жүзден астам үміткер жүлдені жеңіп алу құқығы үшін күресті. Олардың арасында әр түрлі деңгейдегі турнирлердің жеңімпаздары бар.
Медаль мен ақшалай сыйлықтың иегері ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Штрек Александра Александровна болды. Медальді облыс әкімі А.Б. Скаков табыстады, ол жеңімпаздарды Оқушылар сарайының залында құттықтау сөзімен қарсы алды. Іс-шара мерекелік концертпен сүйемелденді. "Павлодарньюс" АА тілшісіне берген сұхбатында Александра өзінің еңбектері үшін облыс әкімінің қолынан жоғары марапат алып, екі есе бақытты екенін айтты.

ИнЕУ баспасөз қызметі