ИнЕУ қызметкерлері үшін онлайн халық санағы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ қызметкерлері үшін онлайн халық санағы
11 октября 2021

ИнЕУ қызметкерлері үшін онлайн халық санағы

1 қыркүйектен 15 қазанға дейін ИнЕУ-де қызметкерлер үшін онлайн-халық санағы өткізіледі. Процесті ЖПБ инспекторы Күләш Нұржімбаева басқарады. Бүгін "А" корпусының №302 кабинетінде Павлодар облысының статистика департаментінің мамандары жұмыс істейді. Олар университет қызметкерлеріне Интернет арқылы санақтан өтуге көмектеседі.

- Біз онлайн - санақ процесін жылдамдату үшін келдік, - дейді Павлодар қаласы бойынша статистика басқармасының басшысы Дархан Қыздарбеков. - 1-30 қазан аралығында дәстүрлі санақ жүргізіледі. Пәтерлерге планшеттері бар интервьюерлер барады. Егер Сіз Интернет-сауалнамадан өткен болсаңыз, онда олар жай ғана деректерді тексереді және растайды. Егер жоқ болса, сауалнаманы толтыруға уақыт жұмсауға тура келеді. Сондықтан 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайттағы сауалнаманы толтырыңыз

Сондай-ақ, Дархан Қыздарбеков халық санағын жүргізуге әлі де интервьюерлер (тіркеушілер) қажет екенін атап өтті. Жалақысы - 104 125 тг.

ИнЕУ Студенттері! Егер ақша тапқыңыз келсе,төмендегі телефондарға қоңырау шалыңыз:

+7 777 066 56 37
8 (7182) 53-35-86
Немесе мына мекен-жайға келіңіз:
Генерал Дүйсенов көшесі 9, 107-каб.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот