ИнЕУ профессорына этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ профессорына этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді
10 сентября 2021

ИнЕУ профессорына этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді


ИнЕУ профессорына ұлтаралық бірлікті нығайтуға және мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл - достық құралы» облыстық фестивалі аясындағы салтанатты рәсім Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманованың қатысуымен өтті.

Фестиваль дәстүрлі. Жыл сайын оны Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырады. Этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, өңірдің мәдени, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері жиналады. Олардың арасында филология ғылымдарының докторы, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Ғайша Имамбаева да бар.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары ұлтаралық бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлін атап өтіп, оның дамуына үлес қосқандарға марапаттар табыстады.

ИнЕУ профессорына ҚР тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаевтың атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.

 

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот