ИнЕУ-де оқу жылы дәстүрлі офлайн режимінде басталады!
Бұл туралы ZOOM-конференция барысында Инновациялық Еуразия университетінің басшылығы мен шақырылған спикер: дәрігер-эпидемиолог студенттерге, олардың ата-аналарына және профессор-оқытушылар құрамына айтып берді. Сарапшылар қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, алдағы оқу жылына қатысты өз ұстанымдарын білдірді.
Айта кету керек, кездесу үлкен қызығушылық тудырды, сондықтан тікелей эфир сақталды. Дәрігер-эпидемиолог Салтанат Ардабаева офлайн-оқыту және вакцинация кезінде санитарлық нормаларды сақтаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
- Жоғары оқу орнында Ashyq жүйесі жұмыс істейтінін білеміз, кіреберісте температура өлшенеді. Оның ішінде қызметкерлер де бар. Бұл уақыт талабы, ИнЕУ-дің осындай маңызды қауіпсіздік шараларын ескеретіндігі қуантады, - деп атап өтті Павлодар қаласының №5 емханасының дәрігер-эпидемиологы Салтанат Ардабаева.
Бүгінгі таңда ИнЕУ-де вакцинацияланған оқытушылар мен қызметкерлердің пайызы 75,5% құрайды. Барлық қызметкерлер демалыстан шыққан жоқ, 1 қыркүйекке қарай бұл көрсеткіш жоғары болады.
- Студенттер үшін шілде айында #СтопКовидИнеу акциясы іске қосылды, ол бойынша осы кезеңде вакциналанғандардың оқу жылына төлемге 5% жеңілдік ұсынылды. Бұл акция тамыз айының соңына дейін ұзартылды, сондықтан жеңілдік алу немесе сыйлықтар алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Акция шарттары Сайтта және Instagram парақшасында, - деп атап өтті ИнЕУ ҒжХЫ жөніндегі проректор Салтанат Жанұзақова.
Кездесудің барлық қатысушылары қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Әрқайсысына толық жауап берілді. Мысалы, қатысушылардың бірі сұрады: егер адам үш ай бұрын Ковидпен ауырса, осы үш айдың есебі қай сәттен басталады? Павлодар қаласы №5 емханасының дәрігер-эпидемиологы Салтанат Ардабаева: «Есептеу ПТР-тестті алудан басталады және ПТР-тестінің оң нәтижесінен үш ай өткен соң вакцинациялау қажет», - деп жауап берді.
Сонымен қатар, медотвод бойынша сұрақтар болды. Медотвод кезеңінде спикерлер атап өткендей, студенттер де, университет қызметкерлері де ПТР-тест тапсыра алады. Бірінші талдау тегін, екіншісі өз есебінен.
ИнЕУ баспасөз қызметі