Американдық стильдегі - әйелдер бизнесі! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Американдық стильдегі - әйелдер бизнесі!
18 июня 2021

Американдық стильдегі - әйелдер бизнесі!

ИнЕУ Павлодар облысында әйелдер бизнесін дамытуға АҚШ Елшілігінің грантын жеңіп алды. Жоба жетекшісі - ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова. Жоба бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.


- Бірінші кезеңде Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларынан келген 30 бастауыш кәсіпкер DreamBuilder ағылшын тілді онлайн-курстарында бизнесті жүргізуге, көшбасшылыққа үйренеді, өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Павлодар облысында өз ісін ашу үшін 30 бизнес-жоспар әзірлейді. Ал бұл жаңа жұмыс орындары, инвестиция тарту және жергілікті экономиканың өсуі, - дейді Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Анастасия Алиясова.

Осылайша, американдық әріптестермен, «Американың бизнес періштелері» ұйымымен және басқа инвесторлармен өзара әрекеттесетін ағылшын тілді кәсіпкерлердің аймақтық тобы құрылады.

- ИнЕУ-де әйелдер кәсіпкерлігі кеңсесі ашылады, ол өз бизнесін дамыту мен ілгерілетуде студенттерге қолдау көрсетеді. Жоғары оқу орнында осыған ұқсас тәжірибе бар – бұл американдық Old Dominion University жоғары оқу орнымен ынтымақтастық, EcoSystemERG жобасына қатысу және тағы басқалар, – деп толықтырды Анастасия Алиясова.

Жобаның келесі кезеңі елдің басқа өңірлерінде алынған оң тәжірибені іске асыру болады.

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот