ИнЕУ-де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
09 июня 2021

ИнЕУ-де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Оның құрамына ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «TKRGroup» ЖШС, «OMIS INC» ЖШС, «Сом-ПВ» ЖШС, «Стальмонтаж» ЖШС, «Проманалит» ЖШС, Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТҰК, «Баспа Үйі» ЖШС, «Предприятие Рубиком» ЖШС, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ, «KASPI BANK» АҚ ПОФ, «Сбербанк» АҚ. Отырыстың модераторы жаратылыстану ғылымдарының докторы, ИнЕУ консорциумының президенті Ақерке Абылайхан болды.


Кездесуде ИнЕУ Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы таныстырылды. Ол Nur Otan партиясының Павлодар филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Илья Теренченко болды. Айта кету керек, отырыс жылы, достық атмосферада өтті. Әркім өз идеялары мен ұсыныстарын ұсына алды.

- ИнЕУ-білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік өткізетін рейтингте ҚР үздік көпбейінді ЖОО отыздығында 11 орын алатын жалғыз мемлекеттік емес ЖОО. ИнЕУ-дің 14 білім беру бағдарламасы жоғары сараптамалық баға алды. ИнЕУ - дің 10 білім беру бағдарламасы отандық еңбек нарығында сұранысқа ие алғашқы ондыққа кірді, — деп атап өтті Nur Otan партиясының Павлодар филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Осы уақытқа дейін ИнЕУ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук болды. Өзгерістерге қарамастан, ынтымақтастық жалғасатын болады.

- Дуальды білім беру арқылы мамандарды даярлауда үздік нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Бүгінгі таңда біздің студенттер альма-матер қабырғасында алған білімдерін өңірдің ірі кәсіпорындарында, өндірісте табысты пайдаланады. Біздің облысымыз өнеркәсіптік болғандықтан, біз техникалық мамандықтар бойынша студенттерді дайындауды көздеп отырмыз. Бірақ басқаларға зиян келтірмейді. Инновациялық Еуразия университетінің түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болды, - деді Ақерке Абылайхан.

Кездесу барысында Қамқоршылық кеңеске жаңа ректор – Анастасия Алиясованы таныстырды. Ол ИнЕУ ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін атап өтті.

- Біздің ЖОО таныстыруды қажет етпейді, Инновациялық Еуразия университетін барлығы біледі. Бірақ біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз және сіздермен бірге білім беру сапасын жақсартуды, жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз, - деді ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова.

Отырысты Инновациялық Еуразия университеті бойынша экскурсия жалғастырды. Қонақтарға бірегей жобалар таныстырылды. Соның ішінде-өңірдегі жалғыз STEM-зертханасы.

  

ИнЕУ баспасөз қызметі

Чат-бот