Қысқа мерзімде оқу! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қысқа мерзімде оқу!
08 июня 2021

Қысқа мерзімде оқу!

Инновациялық Еуразия университетінде Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Аспаз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталды.


Оқыту екі ай бойы «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мемлекеттік тапсырысы бойынша өтті. Курс аяқталғаннан кейін кәсіптік даярлық туралы куәліктер берілді. Алдағы уақытта курстардың барлық қатысушылары жұмысқа орналасады.

  

  

  

  

ИнЕУ баспасөз қызметі
(консалтинг және қосымша кәсіби білім беру институты директоры
С.Н. Кожиковтің ақпараты бойынша)