Өз құқықтарыңызды біліңіз және қорғаңыз!
2021 жылғы 2 маусымда ZOOM платформасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» атты тегін онлайн-семинары өтті.
Спикер ретінде Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Нұрсұлу Айтуарқызы Әубәкірова сөз сөйледі.
Қатысушылар сапасыз тауарлар сатылған, сатушы сізбен дөрекі сөйлескен кезде, дүкенде немесе кафеде алданған жағдайда не істеу керектігін білді. Нұрсұлу Айтуарқызы тұтынушыларды қорғайтын өзекті заңдар, ақшаны қалай қайтару, тәртіп бұзушыны жазалау және болашақта өзін осындай жағдайлардан қорғау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Студенттер өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Департаменттің жедел желі нөмірі: 32-18-22 арқылы хабарласа алады.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(Жастар ісі жөніндегі комитеттің ақпараты бойынша)