Ең талантты спортшылар ИнЕУ-де оқиды! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Ең талантты спортшылар ИнЕУ-де оқиды!
25 января 2021

Ең талантты спортшылар ИнЕУ-де оқиды!

«Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының студенті Виталий Щиголев конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем Кубогында «кіші қоланы» жеңіп алды.


ВХеренвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогының кезеңі жалғасуда. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Виталий Щиголев ерлер жарысында 1500 метрге жүгіруде үздік нәтиже көрсетті. Спортшы Б тобында өнер көрсетіп, «кіші қоланы» жеңіп алды.

Виталийді керемет нәтиже көрсетуімен құттықтаймыз, өз күшіне сенімділік және жаңа жеңістер тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(olympic.kz сайтының ақпараты бойынша)