Табысты стартаппен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Табысты стартаппен құттықтаймыз!
18 января 2021

Табысты стартаппен құттықтаймыз!

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының студенттері бірлесіп «InVet» студенттік ветеринарлық клиникасының стартапына арналған сайт әзірледі. Павлодар облысында сайттың баламасы жоқ.


ИнЕУ негізінде ветеринарлық клиника құру идеясы ВС-402 тобының студенттері Кумарова Луиза, Самусева Маргарита және Михайлова Татьянаға тиесілі. Студенттер «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры Комардина Любовь Степановнамен ой бөлісті және оның кеңесі бойынша сайтты әзірлеу үшін «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасына жүгінді. Жобаға ИнУ-302 тобының студенті Иванюк Данил мен ВТиПО(c)-202 тобының студенті Сахаров Евгений қызығушылық танытты. «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Елена Владимировна Прокопецтің басшылығымен бірлескен қызметтің нәтижесінде олар «InVet» ветеринарлық клиникасының сайтын сәтті әзірледі.

Студенттерге клиниканың кеңесшілері ретінде тәжірибелі ветеринарлық дәрігерлер келді: ректор, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Евгений Борисович Никитин және «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының аға оқытушысы Эннс Елена Михайловна.

«InVet» сайтының көмегімен барлық тілек білдірушілер, оның ішінде Павлодар облысының шалғай аудандарынан алғашқы консультациялық көмек ала алады, өз үй жануарлары туралы пайдалы ақпарат таба алады, оларды профилактикалық тексеруге немесе вакцинациялауға жазып, конкурстарға, көрмелерге және акцияларға қатыса алады. Қазіргі уақытта пандемияға байланысты клиника жұмысы онлайн режимде жүзеге асырылуда.

2020 жылдың 30 желтоқсанында ветеринарлық клиниканың сайты ИнЕУ консорциумы студенттерінің ғылыми жұмыстары конкурсында бірінші орын алғаны белгілі болды. Оны Евгений Сахаров пен Данил Иванюк «Техникалық, инженерлік ғылымдар мен технологиялар» ғылыми бағытының байқау комиссиясының алдына ұсынды.

Студенттерді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер, ғылыми жетістіктер және жобаны одан әрі табысты жүзеге асыруды тілейміз! ИнЕУ сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтады!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»
кафедрасы профессоры Л. С. Комардинаның ақпараты бойынша»)