ИнЕУ - үздік спортшыларға арналған университет! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ - үздік спортшыларға арналған университет!
04 декабря 2020

ИнЕУ - үздік спортшыларға арналған университет!

«Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының студенттері Юсуп Асуханов пен Никита Бояркин Pro HOKEI LIGASY Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары деп танылды. 


Қазақстан хоккей федерациясының республикалық жарыстарды өткізу бөлімінде турнир қатысушыларының қараша айындағы кездесулері мен спортшылардың көрсеткіштері зерделенді.

Нападающий павлодарского хоккейного клуба «Ertis» Юсуп Асуханов стал лучшим молодым игроком чемпионата Казахстана PRO HOKEI LIGASY. Юсуп үшін бұл ересектер деңгейіндегі алғашқы толық маусым. Ол бұған дейін «Ertis» клубында ойнаған, бірақ сонымен бірге жергілікті «Munaishy» жастар клубында да ойнаған. Өткен маусымда Юсуп «Снежные барсы» (Астана қ.) командасында ойнады және Чехияда өткен хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты ойындарының бірінде үздік ойыншы болып танылды.

‌- Қараша айында Юсуп тасталған төрт шайбамен ерекшеленді. Солардың бірі павлодарлықтарға жеңіс әкелді. Бір қызығы, Асуханов өзін мерген ретінде көрсетеді. Оның активінде қазір жеті гол бар, бірақ бірде - бір нәтижелі шайбаны беру жоқ, - деп атап өтті хоккей федерациясы.

   

Юсуп Асуханов «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ИнЕУ-дің 3 курсында оқиды.
«Бұл күлімсіреген, әдепті, жинақы, болашағы зор және өте талантты жігіт. Мен оның жетістіктерімен мақтанамын!»- дейді «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Сергеева Валерия Викторовна.

 

Сондай-ақ, қараша айында Федерация «Saryarqa» қақпашысы Никита Бояркинді атады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Никита Бояркин «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша ИнЕУ-дің 2 курсында оқиды.

Юсуп Асуханов пен Никита Бояркинді құттықтаймыз, жаңа спорттық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
(pavlodarnews.kz сайт ақпараты бойынша)