ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі!
26 ноября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жетуді біледі!

ИнЕУ студенті Аяулым Төлегенова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық вокалдық онлайн-байқауда үшінші жүлделі орынға ие болды.


Павлодар педагогикалық университеті өткізген байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан 25 орындаушы қатысты. Аяулым Төлегенова Абайдың өлеңдеріне арнап «Желсіз түнде жарық-ай» әнін шырқады.

Аяулым Төлегенова – «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының, ЖР19-201 тобының студенті. Ол Шакім Маусым басқаратын, ИнЕУ-дің «Бельканто» вокалдық тобының құрамына кіреді.

- Менің музыкалық білімім жоқ, бірақ біздің отбасымызда әкем жақтан да және анам жағынан да барлығы әншілер деп айтсам артық болмас, себебі екі жақтан да туыстарымыз ән айтқанды жақсы көреді. Менің ойымша мен бұл қасиетті олардан алдым деп ойлаймын. Гендер, былайша айтқанда, - дейді Аяулым. - Мен бала кезімнен атамның домбырада ойнап, анамның ән салғанын көріп өстім. Содан бері мен ән әлеміне ендім. Төрт жасымнан бастап біздің қазақстандық, сондай-ақ шетелдік әншілердің концерттері мен қойылымдарын қызығушылықпен көре бастадым. Жеті жасымнан бастап отбасылық мерекелерде ән айттым. Менің алғашқы ресми түрде сахнаға шыққаным үшінші сыныпта болды. 8 наурызға арналған мектеп байқауында Мен «Қазақ қызы» әнін шырқап, «Қылықты қыз» номинациясын жеңіп алдым. Содан бері мен мектеп концерттерінде өнер көрсетіп, аудандық және облыстық байқауларға қатыса бастадым.

Аяулым Төлегенованы құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі