ИнЕУ студенттері жеңе алады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңе алады!
16 июня 2020

ИнЕУ студенттері жеңе алады!

Инновациялық Еуразия университетінің қоржынында жаңа студенттік жеңістер.

 

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының студенті Мария Агапова UFC-дегі дебюттік кездесуінде жеңіске жетті. Оның алғашқы жекпе-жегі Лас-Вегаста танымал әлемдік промоушендегі UFC турнирінде өтті. Спортшының қарсыласы американдық Ханна Сайферс болды. Кездесу бірінші раундта Мария тұншықтыру әдісін қолданғаннан кейін аяқталды.

  

Басқа жарыстардың жүлдегері «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының студенті Элеонора Лерих болды. Ол «экология» білім беру бағдарламасы бойынша үздік білімдерін көрсетіп, ХІІ Республикалық пәндік студенттік олимпиадада құрметті 3 орынға ие болды. Олимпиадаға Элеонора дайындағаны үшін «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Хамзина Шолпан Шапиевна алғыс хатпен марапатталды.

 

«Бизнес және басқару» кафедрасының 3 курс студенті Александр Патрушев 2020 жылы Конрад Аденауэр атындағы Қордың «SUR PLAC» бағдарламасы бойынша стипендия иегері атанды. «Sur PLAC» бағдарламасы Қазақстанның талантты жастарының дамуына ықпал етеді. Осы бағдарламаның көмегімен Конрад Аденауэр атындағы Қор өзінің оқу қабілетін ашуға ғана емес, өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне қатысуға өз білімдерін, күштерін және бастамасын арнауға дайын дарынды жастарға қолдау көрсетеді. «Бизнес және басқару» кафедрасының доценті Беспалый Сергей Владимировичтің жетекшілігімен Александр бірінші кезеңнен өтіп, Павлодарда Томас Хельммен әңгімелесуді сәтті аяқтады. Барлығы Қазақстаннан 37 үміткер іріктелді. Патрушев Александр жеңімпаздар қатарына кірді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, жеңіске деген ұмтылыстары үшін Алғыс білдіреміз және жаңа жеңістер тілейміз.

ИнЕУ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттары үшін «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі В. В. Сергеевке, «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Т. Ж. Шакеновке және «Бизнес және басқару» кафедрасының доценті С. В. Беспалыйға алғыс білдіреді.