Инновациялық Еуразия университетінің өкілдері республикалық марапаттарға ие болды
2026 жыл Қазақстан Республикасы мен Инновациялық Еуразия университеті үшін мерейлі жыл. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 35 жылдығын, ал университет құрылғанына 35 жыл толуын атап өтуде. Бұл мерейтойлық даталар мемлекет пен университеттің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды кезеңдерді, білім, ғылым және қоғамдық өмір саласындағы жетістіктерді айшықтайды.
2026 жылғы 25 қазанда өткен Республикалық патриоттық байқау аясында Инновациялық Еуразия университетінің өкілдері кәсіби жетістіктері, адал еңбегі және қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін жоғары марапаттарға ие болды.
Байқауды ұйымдастырушылар — «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы және «Bilim-Órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы.
Байқау қорытындысы бойынша университет өкілдері төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:
- Матвеева Н.И. — «Үздік еңбек адамы»;
- Иксатова С.Т. — «Құрмет биігі»;
- Исаева Ж.Б. — «Экология саласының үздігі».
Жеңімпаздарға нагрудтік белгілер, куәліктер, естелік мүсіншелер және I дәрежелі құрмет грамоталары табысталды.
Айта кету керек, марапатталған үш маман да Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) академиктері болып табылады. Олардың кәсіби және ғылыми қызметі жоғары біліктіліктің, өз ісіне деген адалдықтың, отандық білім мен ғылымды және кәсіби қоғамдастықты дамытуға қосқан үлесінің айқын көрінісі.
Бұл марапаттар — мамандардың жеке жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар Инновациялық Еуразия университетінің жоғары кадрлық және ғылыми әлеуетінің, республикалық деңгейдегі беделі мен абыройының дәлелі.
Инновациялық Еуразия университетінің ұжымы Матвеева Н.И., Иксатова С.Т. және Исаева Ж.Б.-ны лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби биіктер, ғылыми жетістіктер және университет пен Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз!
Қазақстан Тәуелсіздігіне — 35 жыл! Инновациялық Еуразия университетіне — 35 жыл! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға бірге жетейік!


