Дәстүр бойынша-эрудиция жеңеді! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Дәстүр бойынша-эрудиция жеңеді!
19 апреля 2021

Дәстүр бойынша-эрудиция жеңеді!

«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері «Әлем-2021» халықаралық интернет-олимпиадасының жүлдегерлері атанды


Олимпиадаға «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының екі командасы қатысты: «Экотур» командасы, оның құрамында «География» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер - Тамошина Алина, Гензе Артур, Новак Денис, Крестьянинова Александра, Калдашев Рафаэль, Кожахметова Лаура және «Экология және тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерден тұратын «Эрудит» командасы.

Интернет-олимпиаданың қорытындысы бойынша «Экотур» командасы 2-ші жүлделі орынға ие болса, «Эрудит» командасы Жоғары лигаға кіріп, 7-ші орынға ие болды. Командалар мен олардың жетекшілері дипломдармен марапатталды және ұйымдастырушылар пошта арқылы жіберген екінші орын үшін кубокты күтеді.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшісі – «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Наталья Ильинична Матвееваны олардың нәтижелерін жоғары бағалаумен құттықтаймыз, табыс, жемісті қызмет және жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!

  

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы,

үйірме жетекшісі Н.И.Матвееваның ақпараты бойынша)