» » Туған күніңізбен, Масығұт Макежанұлы!
21 февраля 2021

Туған күніңізбен, Масығұт Макежанұлы!

«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті Масығұт Макежанұлы Аяшиновты туған күнімен құттықтайды.


Құрметті Масығұт Макежанұлы, Инновациялық Еуразия университетінің өміріне қосқан үлесіңіз және белсенді қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіздің іске деген сезімтал, адал көзқарасыңыз, жоғары жұмыс қабілеттілігіңіз, жауаптылығыңыз, жан жылулығыңыз, сонымен бірге проблемалар мен қойылған міндеттерді шешудегі талапшылдығыңыз бен принциптілігіңіз басшылық, ұжым және сізден үйренуге мүмкіндік алған барлық адамдар тарапынан үлкен құрметке ие болды.

Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, туыстар мен жақындарыңыздың ортасында ұзақ және бақытты өмір тілейміз!