Туған күніңізбен, Гүлден Қуандыққызы!
«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы академиялық мәселелер жөніндегі бөлім маманы Зекен Гүлден Қуандыққызын туған күнімен құттықтайды!
Құрметті Гүлден Қуандықызы, Сізге Инновациялық Еуразия Университетінің өміріне қосқан үлесіңіз және белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Біз Сіздің еңбекке деген құрметпен қарайтындығыңызды, дамуға және жетілдіруге деген шексіз тілегіңізді, студенттер мен әріптестерге деген ынта мен ықыласыңызды жоғары бағалаймыз.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, сарқылмас шығармашылық шабыт және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз.