Мерейтой құтты болсын, Михаил Николаевич!
ИнЕУ ректораты мен әріптестері «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) Михаил Николаевич Ивановты мерейтойымен құттықтайды.
Құрметті Михаил Николаевич, Сіздің мерейтойыңызда ең жылы және жүректен шыққан шынайы құттықтауларымызды, еңбегіңіз үшін алғысымыз бен ризашылығымызды қабыл алыңыз!
60 жыл - бұл адамдарға тән кәсіби және адами энергия мен тәжірибе бақытты үйлесетін жас. Сіз өз бойыңызда әртүрлі артықшылықтарды таңқаларлықтай біріктіресіз: мінездің беріктігі мен дүниелік даналықты, шешім қабылдаудағы жаңашыл тәсілдерді, жоғары талапшылдықты және ұйымшылдықты жылы ниетпен.
Сіздің өміріңізде көптеген жарқын және қуанышты күндер болсын, сәттілік пен жетістік әрқашанда Сізбен бірге жүрсін, кәсібилік пен өмірлік тәжірибеңіз жаңа биіктерге жеткізсін! Сіздің үйіңізге амандық пен жайлылық,Сізге және жақындарыңызға денсаулық пен бақыт тілейміз!
Құрметпен, Инновациялық Еуразия университетінің ұжымы