Туған күніңізбен, Марина Викторовна!
«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы техника ғылымдарының кандидаты, «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Темербаева Марина Викторовнаны туған күнімен құттықтайды!
Құрметті Марина Викторовна, Инновациялық Еуразия университетінің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің іске деген сезімтал және адал көзқарасыңыз, еңбексүйгіштік және кәсіпқойлық қасиеттеріңіз жақсы беделге ие болды, ал жауаптылық, жан жылуыңыз, сонымен бірге проблемалар мен қойылған міндеттерді шешудегі талапшылдық пен принциптілігіңіз басшылық пен бүкіл ұжым тарапынан үлкен құрметке ие болды.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға амандық, ғылыми жетістіктер, дарынды және ынталы студенттер тілейміз. Жинақталған өмірлік тәжірибеңіз мен даналығыңыз Сізге жаңа биіктерге жетуге көмектесетініне сенімдіміз!