26 июня 2019
ИнЕУ түркітану форумында
Елордада «Ұлы дала» IV гуманитарлық форумы басталды. Онда 250-ден астам түркітану саласындағы отандық және шетелдік ғалымдар, оның ішінде біздің университеттің өкілдері қатысуда.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атап өткендей (суретте екінші) форум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала жеті қыры» мақаласында анықталған жаңа құндылықтарды түсінуге мүмкіндік береді.
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі