ИнЕУ студенттері Баянауылда тәжірибеден өтуде
Баянауыл - ол ең алдымен сұлу табиғат, бейбітшілік пен тыныштық. «Биология» және «География» мамандықтарының студенттері өндірістің және оқытудың тәжірибесі аясында жергілікті флора мен фаунаның сипаттамаларын зерттеп, облыстың топографиялық жоспарын, физикалық сипаттамаларын, жергілікті биоалуантүрлілігін сипаттайтын керемет орынға барды.
Бірнеше күн бойы тәжірибелі студенттер бірегей материалды жинады, ол кейінірек мамандықтардың оқу үрдісінде қолданылатын болады.
Студенттердің тәжірибеден өтуі Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Сатынская А.К. қолдауымен ұйымдастырылды.
Баянауылда өткен күндер әртүрлі мамандықтардың балаларына бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік берді және жақсы естеліктер мен студенттік өмірдің ұмытылмас әсерлерін қалдырды.
"Қоршаған ортаны қорғау және химиялық технологиялар"
және "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасының аға оқытушылары
Утилова А.М. , Илюсизова А.А.