01 апреля 2019
Мамандырылған ауданаралық қылмыстық сотында ашық есік күні
"Құқық" кафедрасының 3 курс студенттері Ашық есік күн аясында Мамандырылған ауданаралық қылмыстық сотында болды.
Кездесу барысында студенттер ашық сот отырысына қатысты, алқабилердің қатысуымен арнайы сот мәжіліс залымен танысты. Сот төрағасы студенттермен әңгімелесті, сот процестерін жүргізу тәртібін, алқабилерді таңдау тәртібін, сот ісінің ерекшеліктерін түсіндірді.
Соттың қорытындысы бойынша студенттер келешекте қолдана алатындай практикалық дағдыларды түсінді.
"Құқық" кафедрасы