» » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен!
04 маусым 2021

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен!

4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. ИнЕУ үшін-ерекше мереке.


Биыл «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға 30 жыл толады, онда алғаш рет: «Қазақстан Республикасының өзінің Мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Гимні бар» деп көрсетілген.

1991 жылы «ҚР Тәуелсіздігі туралы» заңды әзірлеушілердің бірі біздің университеттің негізін қалаушы Анатолий Давыдович Фрезоргер болды. Сол жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының халық депутаты.

Мемлекеттік рәміздер-кез келген тәуелсіз елдің негізі, егемендіктің бейнесі. ИнЕУ корифейлерінің бірі біздің мемлекетіміздің дамуына осындай елеулі үлес қосқаны қуантады.

ИнЕУ - Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы. 30 жыл бойы біз болашаққа ұмтылған жас, қарқынды дамып келе жатқан республиканы құруға қатысып келеміз. Бұл құрметті және жауапты миссия!

Мейрамыңызбен!

ИнЕУ баспасөз қызметі

Главная страница Telegram Сенім байланыстары