» » Туған күніңізбен, Талғат Дүйсембекұлы!
30 марта 2021

Туған күніңізбен, Талғат Дүйсембекұлы!

«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Икомбаев Талғат Дүйсембекұлын туған күнімен құттықтайды!


Құрметті Талғат Дүйсембекұлы Инновациялық Еуразия университетінің өміріне қосқан үлесіңіз және белсенді қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің энергияңыздың, оптимизмнің және оқытудағы инновациялық тәсілдеріңіздің арқасында Сіз студенттерді еліктіре аласыз, қызықтыра аласыз, сізден оқып жатқан әрбір адамның бабын таба аласыз. Студенттер үшін әрқашан ерекше және ынталы оқытушылар үлгі болады. Сіз де олардың қатарына тиесілісіз.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметте табыс, үлкен шығармашылық жетістіктер, батыл жобалар мен жаңа ашылулар тілейміз!