Құрметті студенттер мен оқытушылар!
2021 жылдың 1-28 ақпан аралығында Инновациялық Еуразия университетіне KazNUread электронды-кітапханалық жүйесіне тестілік қолжетімділік ашылды.
KazNUread ЭКЖ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйінің электронды-кітапханалық жүйесі.
Ондағы мазмұн оқу пәндерінің көп бөлігін университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары бойынша оқу және ғылыми басылымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. KazNUread ЭКЖ маңызды ерекшеліктерінің бірі оны үнемі жаңа оқу және ғылыми басылымдармен, оның ішінде ЖАК тізбесіне кіретін ғылыми журналдармен, конференция материалдарымен және мақалалар жинақтарымен толықтыру болып табылады.
Студенттер мен оқытушыларға арналған логин мен құпиясөз (құпиясөз барлығына арналған, ары қарай сіз жүйеде өз бетіңізше тіркеле аласыз):
Логин: student.ineu
Құпиясөз: Password1122
Тестілік қолжетімділік нәтижелері бойынша ресурсқа жазылу мәселесін қарау үшін сіздің пікіріңізді келесі электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз dir_biblio@ineu.kz
ИнЕУ баспасөз қызметі
(Инновациялық Еуразия университеті ғылыми кітапханасының меңгерушісі
Әмірханова Динара Советқызының ақпараты бойынша)