Оқытушылар мен білім алушылардың назарына! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Оқытушылар мен білім алушылардың назарына!
16 апреля 2020

Оқытушылар мен білім алушылардың назарына!

EBSCO Information Services компаниясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп, ҚР Ғылым Академиясының барлық жоғары оқу орындары мен институттары үшін он жеті толықмәтінді ғылыми деректер базасына тегін қолжетімділікті ашқанын хабарлаймыз!

Бұл тізімге мультидисциплинарлық және тар мамандандырылған деректер базасы, сондай-ақ электронды кітаптар коллекциясы және тағы басқалар кіреді. Енді сіз үйде отырып, кітапханаларға бармай, осы дерекқорлармен қашықтан режимде жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз бар.
Бір мезгілде пайдаланушылардың шектелмеген саны үшін тегін кіру келесідей сілтеме бойынша ұйымдастырылады: //search.ebscohost.com/ 

Деректер базасына кіру үшін логин мен парольді сіздің кафедраңыздан біле аласыз.

Сізге табысты ғылыми қызмет тілейміз!  

ИнЕУ баспасөз қызметі