«Community Engagement Exchange» тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Community Engagement Exchange» тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды
20 ноября 2020

«Community Engagement Exchange» тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды

   •  Сіз 20-дан 27 жасқа дейінсіз бе?
   •  Қоғамдық өмірге белсенді қатысасыз ба?
   •  Жаңа білім мен тәжірибе алуға қызығушылық танытасыз ба?
   •  АҚШ-та 3 айлық тағылымдамадан өтуге дайынсыз ба?
   •  Өз жобаңызды қоғамның игілігі үшін жүзеге асырғыңыз келе ме?

Олай болса сілтеме бойынша мүлдем жаңа «Community Engagement Exchange» бағдарламасына өтініш беріңіз: https://cee.irex.org/Account/Login. Өтінімдер 2020 жылдың 23 желтоқсанына дейін қабылданады.

Бағдарлама АҚШ-тағы Азаматтық қоғам ұйымдарының бірінде толық қаржыландырылатын, үш айлық практиканы, көшбасшылық және қоғамдық өмірге тарту бойынша онлайн және күндізгі тренингтерді, қоғамдық жұмыстарға қатысуға оқытуды, дамыту мақсатында стипендиаттардың туған елдеріндегі жобаларына тәлімгерлікті және қолдауды қамтиды. Бағдарламаның барлық шығындарын АҚШ Мемлекеттік департаменті өтейді.


Толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://kz.usembassy.gov/ru/2021-community-engagement-exchange-program-ru/ 

«Community Engagement Exchange» бағдарламасы әлемнің 100-ден астам елінде 20-27 жас аралығындағы азаматтық қоғам көшбасшыларына қоғам игілігі үшін, әсіресе азаматтық диалог пен бейбітшілікті нығайтуға, ашық және есеп беретін Үкіметке, әйелдер рөліне және гендерлік теңдікке, бейімделу мен тұрақты даму қабілетін арттыруға, сондай-ақ жастарды қоғам өміріне тартуға байланысты мәселелерде қоғамдастықтардың, өзара қатынастардың және ақпараттың күшін пайдалануға мүмкіндік беретін көшбасшылық қасиеттерді дамытатын түрлендіруші жылдық бағдарлама болып табылады.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен консулдығы сайтының ақпараты бойынша)